Arilan Energy Logo

ЖАРИЯ ОФЕРТА

Электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсету шартына

Осы жария оферта әрекетке қабілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалардың белгісіз тобына (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) арналған және Жарғы негізінде әрекет ететін Директор Назым Леонидович Тульчинскийдің тұлғасындағы «Арилан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Орындаушы) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес осы офертада көрсетілген талаптарда электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсету шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасу туралы ресми ұсынысы болып табылады. Орындаушы кез келген уақытта өз қалауы бойынша Шарттың талаптарын өзгертуге немесе оны кері қайтарып алуға құқылы. Орындаушы Шарттың талаптарын өзгерткен жағдайда, егер мұндай орналастыру кезінде Орындаушы өзге мерзімді көрсетпесе, өзгерістер офертаның өзгертілген талаптары https://arilan.kz/kz/public-offer.html Сайтында және Arilan Energy мобильді қосымшасында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының АК) 396-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес Орындаушының Шарт жасасу туралы ұсынысын толық және сөзсіз қабылдау сәті (яғни оферта акцепті) Тапсырыс берушінің осы Офертаның 2-бөлімінде көрсетілген талаптарды орындауы болып есептеледі. Осы жария оферта электр көлігіне арналған зарядтау станцияларында электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсетудің барлық елеулі талаптарын қамтиды.

Осы офертада қолданылатын ұғымдар мен анықтамалар

«Электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсету шарты» – Тапсырыс берушіден Акцепт алынған сәтте Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында жасалатын шарт.

«Тапсырыс беруші» – электр қозғалтқыштарымен жабдықталған көлік құралдарының аккумуляторлық батареяларын электр энергиясымен зарядтау қызметтерін алу мақсатында Орындаушыға жүгінетін Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға, қазақстандық және шетелдік заңды тұлға, дара кәсіпкер, олардың өкілі.

«Электр-зарядтау станциясы» (ЭЗС) – Тапсырыс берушілерге зарядтау қызметтерін көрсету жүзеге асырылатын электр көлігіне арналған зарядтау станциясы. ЭЗС тізбесі Arilan Energy мобильді қосымшасында көрсетіледі.

«Промокод» – белгілі бір таңбалар тізбегі, ол іске қосылған және Промокодты пайдаланудың өзге де талаптары сақталған жағдайда Тапсырыс берушіге (ескертпе: түпнұсқа мәтінде сөйлем аяқталмаған) беріледі.

«Зарядтау сессиясы»– Пайдаланушы сәтті авторизациядан өткен және Зарядтау станциясының Коннекторы арқылы электр энергиясын беру басталған сәттен бастап кез келген негіз бойынша электр энергиясын беру іс жүзінде тоқтатылған сәтке дейінгі уақыт кезеңі.

«Коннектор» – Зарядтау станциясының ажырамас бөлігі болып табылатын және Пайдаланушының электромобиліне физикалық қосылуға арналған ажыратқышы (разъемы) бар мамандандырылған кабель.

«Бос тұру (Портты босатпау)» – Зарядтау сессиясы аяқталғаннан кейін Зарядтау станциясы Коннекторының осы Офертада белгіленген жеңілдікті уақыт кезеңінен артық Пайдаланушы электромобилінің ажыратқышында (разъемында) қалуы. Есептеу үшін эталондық уақыт ретінде Орындаушының бағдарламалық-аппараттық кешенінің серверлік уақыты есептеледі.

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы шарттың мәні Орындаушының Тапсырыс берушіге электр қозғалтқышымен жабдықталған көлік құралының (бұдан әрі – электромобиль) аккумуляторлық батареяларын электр энергиясымен зарядтау бойынша қызмет көрсетуі болып табылады.

1.2. Осы шартта баяндалған талаптарды қабылдаған (акцепт жасаған) жағдайда, толық әрекет қабілеттілігі бар кез келген жеке тұлға, сондай-ақ шарт жасасуға құқығы бар заңды тұлғаның кез келген уәкілетті өкілі Оферта акцептін жасай отырып, Тапсырыс берушіге айналады және Қызмет көрсету шарты осы Келісімнің талаптарында жасалған болып есептеледі.

1.3. Акцепт 2.1.1 – 2.1.2-тармақтарда көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап қабылданған болып есептеледі және Тапсырыс берушінің өз әрекеттерінің мәнін түсінетінін, Шарттың барлық талаптары оған түсінікті екенін куәландырады. Осы Офертаға акцепт жасайтын Тапсырыс беруші осы Офертаны тұтастай және ешбір ескертпесіз қабылдайды.

2. ОФЕРТА АКЦЕПТІ

2.1. Осы Офертаның талаптарына сәйкес Тапсырыс берушінің келесі әрекеттерді жасауы Акцепт болып есептеледі:

2.1.1. Тапсырыс берушінің Google Play және AppStore электрондық дүкендерінде орналастырылған Arilan Energy қосымшасында тіркелуі.

2.1.2. Arilan Energy мобильді қосымшасында орналастырылған нұсқаулықтарға сәйкес кабельді ажыратқышқа (разъемға) жалғау арқылы электромобильді Arilan Energy қосымшасында қолжетімді және Тапсырыс беруші таңдаған ЭЗС-ке қосу.

3. ЗАРЯДТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ

3.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге Arilan Energy мобильді қосымшасында қолжетімді ЭЗС-терде электр көлігін зарядтау бойынша қызметтер ұсынуға міндеттенеді.

3.2. Қызметті алу үшін Тапсырыс берушіге келесілер қажет:

3.2.1. Arilan Energy мобильді қосымшасын орнату;

3.2.2. Arilan Energy мобильді қосымшасында тіркелу;

3.2.3. Arilan Energy мобильді қосымшасында қолжетімді ЭЗС-ті таңдау;

3.2.4. тиісті ЭЗС-те зарядтау қызметін алу бойынша Arilan Energy мобильді қосымшасының нұсқаулықтарын орындау.

3.3. Егер зарядтау қызметін алудан бас тарту келесі себептерден туындаса, Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында жауапты болмайды:

3.3.1. Тапсырыс берушінің осы Оферта талаптарын сақтамауы;

3.3.2. Arilan Energy қосымшасының жұмысы кезінде зиянды компьютерлік бағдарламалардың және (немесе) бағдарламалық өнімдердің әрекеті;

3.3.3. магистральдық байланыс арналары, деректер алмасу орталықтары, есептеу орталықтары деңгейінде, сондай-ақ өңірлік және жергілікті маңызы бар байланыс желілерінде байланыс арналарының үзілуі және серверлік инфрақұрылымның істен шығуы;

3.3.4. ЭЗС-те қызмет алу сәтінде ЭЗС-тің өзінің бағдарламалық қамтылымы немесе жабдығы жұмысқа жарамсыз болса;

3.3.5. аламдық Интернет желісінің немесе оның жекелеген сегменттерінің жұмысындағы ақаулар мен қиындықтар, адрестеу жүйелері (DNS) жұмысының бұзылуы және т.б.;

3.3.6. электрондық бағдарламалық және/немесе аппараттық құралдардың немесе олардың комбинацияларының көмегімен жүзеге асырылған, Тараптардың кез келгеніне кез келген залал түрін келтіруді мақсат ететін үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген әрекеттері, соның ішінде байланыс арналарын, серверлік инфрақұрылымның жұмысқа қабілеттілігін бұзу немесе шамадан тыс жүктеу, бағдарламалық кешендерді басқаруға рұқсатсыз қол жеткізу және құпия ақпаратқа қол жеткізу бойынша қасақана әрекеттер (бұзу, DDOS-шабуылдар, зиянды бағдарламалық кодты тарату, бағдарламалық-аппараттық құралдарды істен шығару және т.б.).

3.4. Тапсырыс беруші аккаунтының теңгерімін (балансын) толтырудың әрбір сәтті операциясынан кейін Arilan Energy сервисімен ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында көрсетілетін электрондық түрде фискалдық чек беріледі. Бұл ретте Тапсырыс беруші өзінің электрондық пошта мекенжайына алған чекті Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде төлем жүйесі ретінде әрекет ететін үшінші тұлғаның атынан тарататынын түсінеді және растайды.

3.5. Зарядтау сессиясы туралы ақпарат зарядтау қызметтері көрсетілген ЭЗС көрсеткіштері негізінде қалыптастырылады. Зарядтау сессиясы туралы ақпаратта қызметті алу күні мен уақыты, көрсетілген қызметтің көлемі және көрсетілген қызметтің құны көрсетіледі. Тапсырыс беруші ЭЗС-те зарядтау сессиясы аяқталғаннан кейін, ЭЗС-тің техникалық ерекшеліктеріне байланысты зарядтау кабелінің ілгегі немесе ЭЗС-тегі құлыптау қақпағы ашылатынын, соның салдарынан кез келген үшінші тұлға электр кабелін электромобильден суырып ала алатынын түсінеді және оған келіседі. Тапсырыс беруші кабельді машинадан және (немесе) ЭЗС-тен өзі ажыратуы үшін зарядтаудың шамамен аяқталу уақытын білуі тиіс. Орындаушы Тапсырыс берушінің осы тармақтың ережелерін сақтамауы салдарынан туындаған ықтимал қолайсыз салдарлар үшін жауапты болмайды.

3.6. Зарядтау сессиясының аяқталу сәті ретінде тоқтату себептеріне қарамастан (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: батарея зарядының 100% деңгейіне жетуі, Пайдаланушы белгілеген лимитке жету, Пайдаланушының Мобильді қосымша арқылы сессияны мәжбүрлі түрде тоқтатуы, электромобильдің немесе станцияның қауіпсіздік жүйелерінің іске қосылуы, сондай-ақ техникалық ақаулар), Орындаушының бағдарламалық-аппараттық кешені тіркеген, ЭЗС-тің Пайдаланушы электромобилінің батареясына электр энергиясын беруді іс жүзінде тоқтатуы есептеледі.

3.7. Зарядтау сессиясының аяқталғаны туралы Орындаушы Тапсырыс берушіге автоматты хабарлама (ARILAN ENERGY Мобильді қосымшасында Push-хабарлама) жібереді. Бұл ретте Пайдаланушының мұндай хабарламаны алмауы немесе уақтылы оқымауы (Интернет желісіне қолжетімділіктің болмауына, құрылғы баптауларында хабарламалардың өшірілуіне, ұялы телефон зарядының таусылуына және Пайдаланушы тарапындағы өзге де себептерге байланысты) Пайдаланушыны осы Офертаның 3.6-тармағында көзделген міндеттемелерден босатпайды.

3.8. Зарядтау сессиясы аяқталғаннан кейін Пайдаланушыға Коннекторды электромобильден ажырату, Коннекторды Зарядтау станциясының ұстағышына қайтару және тұрақ орнын босату үшін ұзақтығы 15 (он бес) минутты құрайтын тарифтелмейтін жеңілдікті кезең беріледі.

4. ҚЫЗМЕТТІ САТЫП АЛУ ТАЛАПТАРЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

4.1. Тапсырыс беруші электр көлігін зарядтау қызметін ала алатын ЭЗС тізбесі ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында көрсетілген.

4.2. Қызмет үшін есеп айырысу ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында көрсетілген тәртіппен белгіленген баға бойынша жүргізіледі. Тапсырыс беруші осы Офертаға акцепт жасамас бұрын қызмет көрсету сәтіндегі көрсетілген бағалармен танысқанымен және олармен келісетінімен келіседі.

4.3. Орындаушы Тапсырыс берушіге ЭЗС қызметтерін тек Тапсырыс берушінің ARILAN ENERGY қосымшасындағы аккаунтының теңгерімінде (балансында) зарядтауды жүзеге асыру үшін жеткілікті сома болған кезде ғана ұсынады.

4.4. Тапсырыс беруші алынған қызмет үшін ақша қаражатын есептен шығаруға және осы Шарт бойынша өзге де төлемдерді ARILAN ENERGY аккаунтынан акцептсіз тәртіппен жүзеге асыруға сөзсіз келісім береді.

4.5. Тапсырыс беруші ARILAN ENERGY қосымшасындағы аккаунтта теңгерімді (балансты) толтыруды төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау, деректерді шифрлау және жабық байланыс арналары бойынша беру қағидаттарында халықаралық төлем жүйелерінің Қағидаларына сәйкес Орындаушының серіктес банкі арқылы Интернет желісін пайдалана отырып, электрондық нысанда төлемді жүзеге асыру арқылы орындайды. Тапсырыс берушінің банк картасының деректерін енгізу және өңдеу төлем қызметін ұсынатын серіктес банктің қорғалған төлем парақшасында жүзеге асырылады.

4.6. Банк картасымен төлеу ForteBank эквайринг алаңы арқылы өтеді. ARILAN ENERGY қосымшасы ForteBank АҚ интернет-эквайрингіне қосылған. Тапсырыс беруші қызмет ақысын Visa немесе Mastercard банк картасымен төлейді. Теңгерімді толтыру өрісін таңдағаннан кейін ForteBank АҚ төлем парақшасы бар қорғалған терезе ашылады, онда Тапсырыс беруші өзінің банк картасының деректерін енгізуі қажет. Карта ұстаушыны қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Тапсырыс беруші картасының Эмитент-банкі осы технологияны қолдаса, Тапсырыс беруші қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне қайта бағытталады. Онлайн-төлем қызметі Visa және MasterCard Халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады, бұл үшін тексерудің, шифрлаудың және деректерді жабық байланыс арналары бойынша берудің ең өзекті әдістері қолданылады. Банк картасының деректерін енгізу ForteBank АҚ төлем парақшасындағы қорғалған терезеде жүзеге асырылады. Төлем парақшасындағы өрістерге карта нөмірін, карта иесінің аты-жөнін, картаның қолданылу мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу талап етіледі. Барлық қажетті деректер банк картасының бетінде көрсетілген. CVV2 / CVC2 — бұл картаның сыртқы (артқы) жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды. Сол терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Тапсырыс беруші картасының эмитент-банкінің парақшасы ашылады. Егер Тапсырыс берушіде статикалық 3-D Secure бапталмаған болса, ол SMS арқылы Тапсырыс берушінің телефон нөміріне жіберіледі. 3-D Secure — бұл интернет желісінде карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Ол операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушының түпнұсқалығын бірмәнді сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық операциялар тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

4.7. Егер Тапсырыс беруші Зарядтау сессиясы аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде ЭЗС Коннекторын электромобильден ажыратпаса, зарядтау бойынша қызмет аяқталған болып есептеледі және Зарядтау сессиясы аяқталған бірінші минуттан бастап күту режимінде ЭЗС инфрақұрылымын ұсыну бойынша ақылы қызмет көрсету (Бос тұру) автоматты түрде басталады.

4.8. Осы Офертаның 3.8-тармағында көрсетілген 15 минуттық жеңілдікті кезеңнен асқан кезде, жеңілдікті кезең жойылады, ал Бос тұру үшін төлем Зарядтау сессиясы аяқталған сәттің 1-ші (бірінші) минутынан бастап Коннектор электромобильдің ажыратқышынан (разъемынан) іс жүзінде шығарылған сәтке дейін Коннектордың Тапсырыс берушінің электромобилінде болған әрбір минуты үшін есептеледі.

4.9. Бос тұру тарифі 1 (бір) минут үшін 50 (елу) теңгені (ҚҚС-ты есепке алғанда) құрайды. Бос тұрудың толық емес минуты үлкен жағына қарай толық минутқа дейін дөңгелектенеді.

4.9.1. Осы Офертаның талаптарын қабылдай отырып (акцепт жасай отырып), Тапсырыс беруші Орындаушының Зарядтау сессиясының құнын, сондай-ақ осы Офертаның талаптарына сәйкес Бос тұру үшін төлемді төлеу есебіне ARILAN ENERGY мобильді қосымшасындағы бекітілген теңгерімнен (баланстан) ақша қаражатын акцептсіз тәртіппен есептен шығаруына өзінің сөзсіз және қайтарып алынбайтын келісімін береді.

4.9.2. Бос тұру үшін есептелген соманы есептен шығару үшін ARILAN ENERGY мобильді қосымшасындағы Тапсырыс берушінің теңгерімінде ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, берешек сомасы Орындаушының есепке алу жүйесінде тіркеледі. Орындаушы мұндай берешекті ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында минус теңгерім (теріс баланс) түрінде көрсету арқылы, пайда болған берешек толық өтелген сәтке дейін Тапсырыс берушінің ARILAN ENERGY мобильді қосымшасының функционалына және ЭЗС-ке қол жеткізуін тоқтата тұруға құқылы.

5. ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ ЖӘНЕ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ

5.1. Осы Офертаның мақсаттары үшін Қосымша қызметтер деп Тапсырыс берушіге Қызметті пайдаланудың өзге де талаптарын алу құқығын беретін «Arilan Alga» жазылымын (бұдан әрі – Жазылым) сатып алу түрінде негізгі Қызметтен тыс Тапсырыс беруші сатып алатын қызметтер түсініледі.

5.2. Жазылым дербес тауар және (немесе) қызмет болып табылмайды және тек Қызмет көрсетуге байланысты ғана пайдаланылады.

5.3. Жазылым Тапсырыс берушіге Жазылымның қолданылу кезеңінде қолданылатын төмендетілген баға бойынша Қызметті алу құқығын береді.

5.4. Қызметтің нақты бағасы, Жазылымның қолданылу мерзімі және оның құны Жазылымды сатып алу кезінде ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында көрсетіледі.

5.5. Жазылым жеке сипатқа ие және үшінші тұлғаларға берілмейді.

5.6. Жазылымды сатып алу Жеке кабинеттегі Пайдаланушының Теңгерімінде (Балансында) тұрған ақша қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5.7. Жазылымды ресімдеу үшін Пайдаланушы Жеке кабинетте тиісті опцияны таңдайды, содан кейін Теңгерімнен Жазылым құнына тең сома есептен шығарылады.

5.8. Жазылым Теңгерімнен ақша қаражаты есептен шығарылғаннан кейін автоматты түрде іске қосылады.

5.9. Теңгерімде ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Жазылым іске қосылмайды. Жазылымды сатып алудың өзге де талаптары осы Офертаның 4-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

5.10. Сатып алынған Жазылым төленген кезең ішінде қолданылады және оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін немесе көрсетілген Қызметтер шеңберінде кВт*сағ лимитінен асқан кезде тоқтатылады.

5.11. Орындаушы біржақты тәртіппен Жазылымды ұсыну талаптарын, соның ішінде оның құнын, берілетін жеңілдіктер мөлшерін және өзге де параметрлерін өзгертуге, сондай-ақ Жазылымды сатып алу мүмкіндігін ұсынуды тоқтатуға құқылы.

6. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

6.1. Орындаушы бағдарламалық қамтылымның немесе жабдықтың техникалық қателері/істен шығуы жағдайында қызмет көрсетудегі үзілістер үшін жауапты болмайды.

6.2. Егер қызметті алу кезінде Тапсырыс берушінің әрекеттері Орындаушыға айыппұл санкцияларын салуға әкеп соқса немесе Орындаушының шығындарының туындауына әкелсе, онда олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тапсырыс беруші тарапынан өтелуге жатады.

6.3. Тапсырыс беруші керісінше дәлелдемейінше, қызметті алу кезінде автомобильдің өртенуі және/немесе аккумуляторлық батареяға және/немесе автомобильдің кез келген электрондық немесе физикалық компонентіне және/немесе оның бағдарламалық қамтылымына залал келтіру және осы кезде туындаған кез келген залал және/немесе кез келген тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян автомобильдің зауыттық ақауының себебі болып табылады деп танылады.

6.4. Орындаушы қызмет көрсету кезінде өмір мен денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қоса алғанда, Тапсырыс берушінің және үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян және/немесе залал келтіргені үшін жауапты болмайды.

6.5. Ешқандай жағдайларда Орындаушы Тапсырыс берушінің алдында жіберіп алған пайда (алынбай қалған табыс) үшін жауапты болмайды.

7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

7.1. Шарт Тапсырыс беруші оның талаптарына акцепт жасаған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.

7.2. Тапсырыс беруші Электр көлігін зарядтау қызметтерін көрсету шартын жасай отырып, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға сәйкес жасалған шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Орындаушыға берілетін құжаттардағы дербес деректерді және өзге де ақпаратты өңдеуге, сақтауға және өзге де пайдалануға келісім береді.

7.3. Орындаушы кез келген уақытта осы Офертаның мәтініне өзгерістер енгізуге, жаңа Офертаны орналастыруға, Офертаның қолданылуын тоқтата тұруға, Офертаны кері қайтарып алуға құқылы. Өзгерістер Сайтта және ARILAN ENERGY мобильді қосымшасында орналастырылғаннан кейін күшіне енеді. Тапсырыс беруші Офертаға өзгерістер/толықтырулар енгізілуін өз бетінше қадағалауға міндеттенеді.

7.4. Осы Офертаға кез келген өзгерістер/толықтырулар енгізілгеннен кейін Тапсырыс берушінің зарядтау қызметін алу бойынша әрекеттерді жасауы Тапсырыс берушінің мұндай өзгерістермен/толықтырулармен сөзсіз келісімінің растамасы болып табылады.

7.5. Осы Офертаны орындауға байланысты даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар сотқа дейінгі (наразылық білдіру) тәртіппен шешеді. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес соттың қарауына беріледі.

7.6. Осы Оферта мәтінінің қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалары арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда, Офертаның орыс тіліндегі мәтіні Офертаның қазақ тіліндегі мәтінінен басым күшке ие болады.

8. ОРЫНДАУШЫНЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ:

Мекенжайы: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Қажымұқан көш., 101/1-үй, 15-корпус, 36 т.е.ж.

БСН: 120840016742

КБе: 17

БСК: IRTYKZKA

Шот нөмірі: KZ7696502F0016202135 KZT

«ForteBank» АҚ Алматы қаласындағы филиалы

Интернет-ресурс: www.arilan.kz